Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ірі көлемде жалақы алып отырған ирандық шенеуніктер сотталмақ

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
3280
Ірі көлемде жалақы алып отырған ирандық шенеуніктер сотталмақ

Шектен тыс жоғары жалақы алған 400-дей ирандық шенеунік сотқа тартылады. Бұл жөнінде Франсс пресс агенттігі хабарлайды. Белгілі болғандай, кейбір мемлекеттік банктердің жетекшілері айына 622 миллион ирандық риал көлемінде ақша алып отырған. Бұл шамамен 20 мың доллар.

Иран парламентінің спикері Али Лариджанидің айтуынша, мемлекет қазынасына 50 миллиард риал қайтарылған. 397 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 200 миллионнан аса риал алып отырса керек.

Тергеу-тексеру жұмыстары  4 айға созылды, 93 мың мемлекеттік қызметкердің ай сайынғы табыс мөлшері майшаммен қаралды. Ал елдегі азаматтардың орташа жалақысы 400 долларға тең.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА