$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында «25 игі іс» акциясы өтті

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
3531
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында «25 игі іс» акциясы өтті

Жақсыдан шарапат. Ақтау қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап «25 игі іс» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шара тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіліп отыр. Игі бастаманы қолдаушылардың қатарында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Халила Нұрғалиева, сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлер бар. Қайырымды азаматтар өткізіліп жатқан акциядан шет қалмай, өз үлестерін қосты. Маңғыстау облысында қолға алынған бұл қайырымдылық жобаны 150 ерікті мен 12 меценат жүзеге асыруда.

Жансұлу Алғашпаева, батыр ана:

Жеті балам бар, жеті келінім бар, Құдайға шүкір. «Нұр Отаннан» әрдайым осылай тәуелсіздіктің 25 жылдығына, барлық уақытта көмек беріп тұрады. Көңілден шыққан адамдардың барлығын шақырады. Кешеден бері апай келіңіз деп звондады.

Аймақта мұндай игілікке толы істердің ұйымдастырылып отырғаны тек бүгін емес. Жыл басынан бері 300-ге тарта отбасыға көмек көрсетілді. Қолдау тек азық-түлік түрінде жәрдем берумен шектелмейді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға жылы киімдер ұсынылып, екі қолға бір күрек таппай жүрген жандардың жұмысқа тұру мәселесі де шешілді. Мысалы, біраз уақыт бұрын баспанасыз жүрген отбасы көмек сұрай келген. Іскер азаматтар жұмыла отырып, оған кішігірім әрі ыңғайлы үй салып берді. Бұл жақсылықты бұлдаған ешкім жоқ. Тек қайырымдылыққа бет бұрған жандар көбейе түссе дейді.

Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Кездесу барысында біз тек материалдық жағынан ғана көмек емес, жалпы қоғамдағы адамдармен кездесіп, өзінің өзекті мәселелері болады, көмегімізді көрсетеміз. Мемлекеттік органдармен кездесу өткізіп, шешілмеген түрлі сұрақтары болады. Әлеуметтік пособиялар, балабақшаға кезекке тұру сияқты. Біз барынша көмектесуге тырысамыз.