Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік өсімдік өседі – Экология министрлігі

AstanaTV
23.05.2023ж. 16:47
1424
Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік өсімдік өседі – Экология министрлігі

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік өсімдік өседі. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Қазақстанның өсімдіктер дүниесі ағаш-бұта және шөп өсімдіктерінің 6 мыңнан астам түрін құрайды. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық түрі дәрілік өсімдіктер (оның ішінде 230 түрі ресми медицинада танылған), 390 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, 110 түрі реликті өсімдіктер, сондай-ақ 700 эндемикалық өсімдік түрлері», - деді ол.

Құтпанбаевтың айтуынша, Қазақстанда экспортталатын дәрілік өсімдіктерінің тізіміне 14 түрі кіреді – бұл мия, ферула, цистанхе, Түркістан сабын тамыры және басқалары.

«Кедендік статистика деректері бойынша қазақстандық мия тамырын өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Түркия және АҚШ болып табылады. Мысалы, Қытайға 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін 40 мың тонна мия тамыры экспортталды. Қараусыз қолданылуына байланысты дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылады. Дәрілік өсімдіктерді бақылаусыз жинау көлемінің өсуіне сыртқы нарықтардағы сұраныстың артуы ықпал етеді», - деді Ерлан Құтпанбаев.