$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен

AstanaTV
23.05.2023ж. 18:33
1225
Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен

Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың 15-і кәмелет жасына толмаған балалар екені анықталып отыр.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті суға батқан балалардың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады.

Шомылуға арналған арнайы орындар ашылады. Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, облыста өткен жылы 37 адам суға батса, оның 29-ы балалар болатын.