$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтар мен әкімшілік жазалар қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды

23.05.2023ж. 20:00
989
Кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтар мен әкімшілік жазалар қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды

Елімізде кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарған. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтар мен әкімшілік жазалар қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды. Қадағалау актілері бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрығы және 13 мың атқарушылық өндірістің күші жойылып, 1 мың 200-ден астам бизнес субъектісі әкімшілік жауаптылықтан босатылған. Осы орайда 150 мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері мен сот орындаушылар, оның ішінде 24 басшы жазаға тартылған. Айта кетейік, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстардың барлығы Президент тапсырмасы аясында қолға алынған.