Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

23.05.2023ж. 20:00
973
Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Полицейлердің айтуынша, олар күнде осындай түрлі оқиғаға тап болады. Бүгінгі рейдке біздің тілшілеріміз де шықты, түрлі тұрмыстық жанжалдың куәгері болды.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Біз қазір рейдте жүрміз. Шағым көп. Қоңырау түскен мекенжайға келдік. Іште не болып жатқанын көреміз.

Айнұрдың тұрмысқа шыққаны 3 ай бопты. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып соғады екен. Тіпті, бүгін қолына суық қару алып қақ маңдайын тілгілеген.

Айнұр, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

3-4 рет осылай үндеген жоқпын. Потому что менің жасым 31 де 91 жылғымын мен. Ал, ол 68 жылғы папам сияқты ғой. Бірінші құлақ, потом былай. Пышақпен былай ұрды.

Айнұр секілді отбасындағы жанжалдан зардап шеккен әйелдер "Үміт" дағдарыс орталығына орналастырылады. Онда қазір 61 адам тұрады.

Жұлдыз Баймағанбетова, "ҮМІТ" ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Ең бірінші көмек психологтың көмегі, ең бірінші бізде көмек. Одан кейінгі көмек алименттік жағынан, тұрмыстық жағынан көмек берсе. Юристеріміз развод алимент керек болса оны алып беруге көмектеседі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөмеріне зорлық зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр бір жылда 17 мыңға жуық арыз тіркелген. Биыл ол көрсеткіш артпаса, кем емес дейді.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде жалпы өзіңде қандай да бір зорлық зомбылықтың іздері болатын болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы ауызша көршілерінің, туыстарының хабарламалары арқылы хаттама толтырылып материалды сотқа жіберуге бізде мүмкіндік болады.

Рейд кезінде Сарыарқа ауданы бойынша 7 қоңырау түсті. Оның 2-іне қатысты арыз жазылды. Іс сотқа жолданды.