$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Бірінші де, екінші де күйеуім - осы": Жеңіс Ысқақова сүйген жарына қатысты қауесетті жоққа шығарды

AstanaTV
24.05.2023ж. 14:16
1941
"Бірінші де, екінші де күйеуім - осы": Жеңіс Ысқақова сүйген жарына қатысты қауесетті жоққа шығарды

Әнші Жеңіс Ысқақова өзінің күйеуіне қатысты қауесеттерге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол отбасы мүшелерінің суреттерін әлеуметтік желіге мүлде жарияламайды.

"Мен әлеуметтік желіге балаларымның да, күйеуімнің де суретін салмаймын. Балаларым кішкентай кезде өзім салмадым, қазір олар өздері салдырмайды. Бірде күйеуім екеуміз мейрамхананың ашылу салтанатына барып, қызыл кілемнің үстімен жүрдік. Кейін сол суретіміз желіге таралып, неше түрлі пабликтер жариялаған. Бір қызығы олар: "Жеңіс Ысқақова жас күйеуін көрсетті" деп жазыпты. Кейін сырқаттанып, ауруханаға түстім. Сол кезде ұлым тамақ әкеліп берді де, соны шығарып салып тұрғам. Күзетші кісі: "Бірінші күйеуіңізден тапқан балаңыз ба?", - дейді. "Бірінші де, екінші де күйеуім осы бір адам", - дедім. Сөйтсем, ол да Жеңіс Ысқақованың жас күйеуі дегенді оқып алыпты. Өнер адамы тек сахнада болуы керек. Қалған нәрсе оның жеке өмірі", - деді әнші.