Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мақсатында арнайы мемлекеттік қор құрылады

24.05.2023ж. 20:00
833
Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мақсатында арнайы мемлекеттік қор құрылады

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мақсатында арнайы мемлекеттік қор құрылады. Мәжілісмендер заң жобасын қолға алды. Бұған қоса, ілеспе 5 заң жобасы қаралады. Құжат қабылданатын болса, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады дейді депутат. Қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ. Қазірге дейін елге 760 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған. Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар секілді жалпы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзету енгізілмек.

Магеррам МАГЕРРАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру басты мақсат. Осы заң және ілеспе заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін, Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде жеке ведомство құрылады. Ол осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайды.