Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

52 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды

AstanaTV
24.05.2023ж. 22:15
921
52 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды

Шығыс Қазақстан облысында 52 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлігін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өңір тұрғынының айтуынша, ол 1970 жылы Өскемен қаласында туған. Оның ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары болған, алайда өмірлік қиын жағдайға байланысты олар да маңызды құжаттарын ала алмаған.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған қажет құжаттарды жинауға көмектескен. Енді маңызды қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік және медициналық қызметтерді алу рәсімдері жеңілдетіледі.

12 мамырда облыс тұрғыны куәлігін алды.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бастап облыс аумағында 35-тен аса адам өз мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алған.