$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау күдігімен Арыс тұрғыны ұсталды

AstanaTV
25.05.2023ж. 10:56
1030
Балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау күдігімен Арыс тұрғыны ұсталды

Түркістан облысында қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
21 мамыр күні Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, нәтижесінде күдікті – Арыс қаласының тұрғыны ізін суытпай сол сағатта ұсталды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі»Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер«бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр
Кәмелетке толмаған қыздың денсаулығы тұрақты. Сараптама қорытындысына сәйкес денесінде қандай да бір зақым анықталған жоқ. Қазір бала үйінде, ата-анасымен бірге», - делінген ұсынылған ақпаратта.

Мәлім етілгендей, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.