Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Электронды темекі мен вейптерді ел аумағына заңсыз тасымалдаған ер адам сотталды

AstanaTV
25.05.2023ж. 11:49
1066
Электронды темекі мен вейптерді ел аумағына заңсыз тасымалдаған ер адам сотталды

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейптерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған екі көлікті ұстаған.

"Жүк салғышты тексеру кезінде рұқсаты және ілеспе құжаты жоқ 50 мыңға жуық вейп табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңге болады",-деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі. 

Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.