$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Лаоста құлдыққа түскен Әнел Бермағамбетова қандай жағдайда өмір сүргенін айтты

AstanaTV
25.05.2023ж. 12:33
1309
Лаоста құлдыққа түскен Әнел Бермағамбетова қандай жағдайда өмір сүргенін айтты

Былтыр тамызда Лаоста құлдықта жүргенін мәлімдеген қазақстандық Әнел Бермағамбетова туралы ақпарат тарады. Кейін қыз құлдықтан босатылды. 10 айдан кейін Австралияда тұратын миллионер блогер Михаил Зарубин Лаос туралы әңгіменің бір бөлігі ретінде бұл оқиғаны еске алды. Ол Instagram Stories-інде қазақcтандықтың қандай жағдайда өмір сүргенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Былтыр актриса Әнел Бермағамбетова Таиландқа жұмысқа шақырылғанын Instagram-парақшасында жазған. Ол жұмыс берушілердің жақсы қарсы алғанын, бірақ кейін Лаосқа алып кетіп, 8 адамға арналған бөлмеге орналастырғанын айтты. Қыздың айтуынша, ол "еңбек құлдығына" түскен.

"Бүгін қарапайым жазба емес. Әңгіме қазақстандық актрисаның басынан өткен оқиғасы туралы. Оның Лаосқа қалай әкелінгені және одан не болғаны туралы", - деп жазған блогер.

Одан кейін бірқатар stories болады. Кадрларда жұмысшыларға арналған "еңбек жатақханасы" көрсетілген. Ұйықтау орындары көрпелерден, кілемдерден және басқа да қолдан материалдармен қолдан жасай салғанға ұқсайды. Бөлме шашылып жатыр.

"Міне, менің төсегім. Бұл не? Мен бұл жерде тұрмаймын", - дейді қыз көзіне жас алып.

Одан кейін жұмысшылар тұрған аумақ, таңертеңгі жиын және жұмыс берушімен қалай хат алмасқаны көрсетіледі, онда жұмыс беруші күзетшінің Әнелдің кетуіне жол бермейтінін айтады. Зарубин видео Бермағамбетованың жеке мұрағаты екенін атап өтті.

Кейін саяхатшы қазақ әйелімен хат алмасқан скриншотты жариялады. Әнел блогерге өз оқиғасын жариялағаны үшін алғыс айтып, амандық тіледі.

"Қазақстанда болсаңыз, жазыңыз. Мен міндетті түрде кездесіп, әдемі жерлерді көрсетемін", - деп жазды актриса.

Еске салайық, былтыр Желіде Лаостағы қазақстандық көмек сұраған еді. Ол өзінің "еңбек құлдығында" екенін, кепілге алынғанын айтқан еді. Кейін бұл ақпаратқа қатысты СІМ өкілдері жауап берді. Бірнеше күннен кейін жұмысқа орналастырамыз деген халықаралық алаяқтардың құрбаны болған Әнел Бермағамбетова босатылды. Бұл туралы қыздың ағасы Қанат Бермағамбетов мәлім етті.