$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Африканы «мемлекет» деп атады

AstanaTV
03.10.2016ж. 20:00
2614
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Африканы «мемлекет» деп атады

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон Би́рмингем қаласында өткен билік партиясының съезінде Африканы «континент» емес, «мемлекет» деп шатасты. The Independent берген ақпаратқа сүйенсек, Джонсон жоғары эрудитті, яғни аса білімді азамат ретінде танымал. Енді британдықтар бұл сөзді ол қателесіп емес, білімсіздігінен айтты деуі бек мүмкін.

Африка туралы баяндамасында ол қара нәсілділердің британия құндылықтарынан үлгі алса, ұтары көп екенін дәлелдеп баққан. Министр сондай-ақ өзін тәуелсізбін деп есептейтін мемлекеттер саны соңғы 10 жылда 34-тен 29-ға дейін қысқарғанын жеткізді. 

Д. БАҚДАУЛЕТ