$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тарихта болмаған рекорд: Қазақстан бюджетіне қанша салық түсті?

AstanaTV
25.05.2023ж. 18:36
1333
Тарихта болмаған рекорд: Қазақстан бюджетіне қанша салық түсті?

Премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда республикалық бюджетке рекордтық салық түсімдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында қаржы министрлігінің басшысы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 16 триллион теңгеге 101,9 пайызға орындалғанын айтты. Оның ішінде жеке табыс 10 триллион 472 миллиард теңге. Жоспар 310 миллиард теңгеге артығымен орындалғанын мәлімдеді.

Ерұлан Жамаубаев кірістегі негізгі үлесті салық түсімдері алатынын атап өтті.

"Ол бойынша, жоспар 210 миллиард теңге - 102,1 пайызға артығымен орындалды. Жалпы, республикалық бюджеттің кірісі 3,1 триллион теңгеге - 42,3 пайызға өсті. Бұл тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш деп айта аламыз", - деді қаржы министрі.

Қаржы министрлігінің басшысы бюджеттің кіріс бөлігі негізінен макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты екенін, сондай-ақ қаржы министрлігі жүргізіп жатқан салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту және оларды цифрландыру шараларымен байланысты екенін айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізуге қол қойған болатын.