$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордалық құрылыс компаниялары ауыз су мәселесін шешуге тырысуда

25.05.2023ж. 20:00
1003
Елордалық құрылыс компаниялары ауыз су мәселесін шешуге тырысуда

Елордалық құрылыс компаниялары ауыз су мәселесін шешуге тырысуда. Еске салайық, Астанада 28 наурыздан бастап су шектеумен беріліп жатыр. Бұған тұрғындар шағымданып, наразылық білдірді. BI-GROUP компаниясы проблеманың бір шешімін ұсынып отыр. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.

Бұл видео елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілген. Азаматтар су әкелген көліктің жанына жиналды. Көп үйлердің тұрғындары су таппай отырғанда, «BI-GROUP» құрылыс компаниясы ауызсумен қамтамасыз етіп жатыр. Ал кей тұрғын үй кешендеріне арнайы су сорғыларын орнатпақ. Сонымен қатар, суды тоқтатпас бұрын компания алдын ала хабардар етеді.

«BI GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

BI Service қызметкерлері барлық жағдайларға қарамастан, біздің үйлеріміздің тұрғындары су тапшылығын мүмкіндігінше аз сезінуі үшін қосымша шаралар қабылдауда. Мәселен, суды автоцистерналармен әкеліп жатырмыз. Одан бөлек, біздің инженерлеріміз инженерлік-желілік жабдықтың жай-күйін мұқият бақылауды жалғастыруда. BI Service қаражаты есебінен автономды байланыс және қосымша сорғылар орнатылуда. Қызметкерлер қалалық желілерде су беру қысымының төмендеуі тіркелген жағдайда тұрғындарды хабардар етуде. Үйлердің менеджерлері бастамашыл топтарға тұрғын үйлердің техникалық үй-жайларына (сорғы бөлмесіне) барып, жабдықтарды тексеруді ұсынады.

 «Астана су арнасы» ауыз суды кестемен, аз мөлшерде беруге мәжбүр екендерін жеткізді. Тұрғындарға қолайсыздық тудырмауға тырысамыз дейді.

Назгүл ТӘЛІПОВА, «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКҚК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жағдайды анықтау үшін әкімдік өкілдері, сервистік компания басшылығының қатысуымен жертөлеге тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ мамандарымыз үйлердегі су қысымын реттеп отыр. Осылайша, біз сервистік компанияларға көмектесеміз. Қазіргі таңда 55 үйдегі су қысымы қалыпқа келді. Жұмыс әлі жалғасуда. Сорғысы жоқ үйлерге су жеткізуді ұйымдастырамыз. Ешқандай қысқартулар немесе шектеулер жоқ.

Елордадағы су тапшылығы -уақытша мәселе. Жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғаннан кейін проблема шешіледі. Станция құрылысы 2 жыл бұрын басталған. Сыйымдылығы тәулігіне- 105 текше метр. Бұл қажеттілікті толық қамтиды.