Ортақ
экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресейдің заңнамалары бір ізге түседі
деген жоспар бар. Бұл, интеграцияға қарамастан, екі ел арасында туындап отырған
кейбір кедергілерді шешу үшін қажет. Астанада Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир
Путин 13-ші өңіраралық ынтымақтастық форумын қорытындылады. Басты мақсат - жергілікті жерлерде туындап отырған шағын орта бизнес төңірегіндегі
проблемаларды мемлекет басшылары деңгейінде талқылау.
Қазақстан
мен Ресейдің 13-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы жұмысын екі мемлекет басшыларының
келуіне дейін бірнеше сағат ерте бастады. Түске дейін екі елдің бизнес
өкілдері көлік-логистика және туризм салалары бойынша бірқатар келісімдерге қол
қойып үлгерді. Айта кетейік, форумға қос мемлекеттің үкімет өкілдерімен қатар, Форбс тізіміне кіретін бизнесмендері арнайы Астанада жиналып отыр. Жалпы жоспар
бойынша мемлекеттер 3 млрд АҚШ долларына елуден астам келісімін жасасуы тиіс.
Екі
ел арасындағы алыс-берісті тұсап отырған проблемалар баршылық. Оның бірқатарын
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов
тарқатты. Заң жүзінде қазақ-орыс шекарасы ашық болғанымен, іс жүзінде
одақтастар қазақстандық тауарды еркін өткізуге құлшынып отырған жоқ.
Бүгінде мемлекет басшыларының деңгейінде
шешетін 400-ден астам кедергі бар.
Абылай
Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
36-ға
жуық ветеринарлық посттар құрылған, Ресей жағынан. Оның барлығы біздің әсіресе
ет саласындағы, ауыл шаруашылығы саласындағы экспортымызға кедергі болып отыр.
Сондықтан, біздің ойымызша, осы кедергілер саласын біз елбасыларына жеткіземіз
осы форумда.
Бизнес
элита бүгінгі форумнан кедергілерді бірден жоятын келісімдер күтпейді. Десе де,
бұл кездесу - мәмілеге келудің таптырмас алаңы. Қазақстанның автомобиль бизнесі
қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев
форум нәтижесінен айтарлықтай үмітті. Бұл жиыннан соң Қазақстанда
құрастырылған екі бірдей көлік түрі Ресей нарығына шығарынан үмітті. Бірақ...
Андрей
Лаврентьев, Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының президенті:
Көрші
ел нарығына биыл шығатын екі экспорттық келісімдердің бірі - Ивеко, екіншісі - Хендай. Ал келесі жылы Джак
автокөліктері мен Пежоның лаколизациясы аяқталуы тиіс. Бірақ ол жобалар өте
ауқымды. Сондықтан Ресей тарапы біздің көліктерден алып отырған утилдеу
алымдары мәселесі шешілуі керек.
Қордаланған
мәселелерді бизнес элитамен қатар отырып қарауға президенттер түс ауа кірісті.
Айта кетейік, Владимир Путин бастаған, құрамында 400 адам бар ресейлік делегация
Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен келіп отыр. Іскерлік-достық
жағдайда ортақ проблемаларды шешу көзделген. Форумда күрделі сұрақтармен қатар
қалжыңға да орын табылды.
По
показателю налогообложения в рейтинге Всемирного банка Doing Business Казахстан
занимает 18 место среди 189 стран мира. Ну, скажу, что Россия занимает 47 место. Хоть в чем-то мы должны...
Осындай
көңілді нотада президенттер іске кірісті. Қазақстан мен Ресей арасындағы
сауда-саттық көлемі 30 пайызға кеміп кеткен. Оның объективті себептері бар.
Соның бірі - қос мемлекетте де табыстың төмендеуі. Ал субъективті кедергілер
алдағы уақытта толық жойылуы тиіс.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
В торговле с третьими странами
применяются единые меры не тарифного регулирования. Достигнута договоренность о
последовательном создании единого транспортного пространства.
Ресей
басшысы жуырда Орынборға барған сапарында өзі куә болған бір кедергі жайлы да
айтты. Солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын транзиттік жол торабының Ресей
аумағындағы бөлігі әлі де салынбай отыр,- дейді ол.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
Қазақстан
жағынан жол салынған, ал біздің жақтан, өкінішке орай, әлі салынбаған. Өткізу
бекеті де тар. Ол біздің толыққанды жұмыс істеуімізге мүмкіндік бермей отыр.
Аталған мәселелерді тек сөз етіп қана қоймай, бірлесіп шешу керек.
Форумда
екі елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру бағдарламасының жобасы
таныстырылды. Бизнес иелерінің басындағы проблемалар мемлекет басшыларының
назарына ұсынылды. Форумның негізгі жетістігі де осы деуге болады. Ал президенттер назарына іліккен мәселелердің ендігі шешімі қос мемлекеттің топ-менеджерлерінің мойнында. Нәтиже келесі жылы Челябі қаласында өтетін форумда белгілі
болмақ.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ