$445.62 €479.4 ₽5.4
×

3000-нан астам астаналық банкроттыққа өтініш берген

25.05.2023ж. 20:00
223
3000-нан астам астаналық банкроттыққа өтініш берген

3 мыңнан астам астаналық соттан тыс банкроттыққа өтініш берді. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. 3 наурыздан бері түскен өтініштің 2 823 қаралып, қалған азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсім басталды. Бұл- өтініштердің тек 21%-ы. Банкроттыққа өтініш беру үшін айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелер болуы керек. Сондай-ақ 12 ай ішінде кредиторлар, коллекторлар алдында өтеуі болмауы тиіс және ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, мүліктің меншік құқығында болмауы қажет. Осы талаптарға сай болса өтініш беруге болады.