Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Германия адам өлтірді деп күдіктелген қазақстандықты елге қайтарды

AstanaTV
26.05.2023ж. 10:41
928
Германия адам өлтірді деп күдіктелген қазақстандықты елге қайтарды

Адам өлтірді делінген қазақстандық күдікті Германиядан экстрадицияланды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

«Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында болған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған. Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

«Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.