Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Q-net» қаржы пирамидасына алданған қаақстандықтар 220 млн теңге ақша салған

AstanaTV
26.05.2023ж. 12:03
913
«Q-net» қаржы пирамидасына алданған қаақстандықтар 220 млн теңге ақша салған

Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласында «Q-net» қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

«2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды. Сот күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.