Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Субсидиялаудың жаңа ережесі жұмыртқа бағасының өсуіне әсер етуі мүмкін», - қауымдастық

26.05.2023ж. 20:00
742
«Субсидиялаудың жаңа ережесі жұмыртқа бағасының өсуіне әсер етуі мүмкін», - қауымдастық

Елімізде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін. Өйткені агро өнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың ережесінен алынып тасталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында айтылды. Бұрын әр жұмыртқаға 3 теңгеден субсидия төленген. Мемлекеттен енді мұндай жеңілдік болмайды. Жұмыртқа өндіру саласында 12 мыңға жуық отандасымыз еңбек етуде. Көрсеткіш күрт азаю мүмкін.

Қайрат МАИШЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Табысымыз онсыз да төмен болғанына қарамастан, өткен аптада осы салаға субсидия берілмейтіні белгілі болды. Бұрын әр жұмыртқа үшін 3 теңге субсидия төлеу нормасы болған еді. Мемлекет тарапынан қолдау болмаса, өндіріс көлемі қысқарады. Мәселе 7,7 млрд теңгеге келіп тіреліп тұр. Ал жұмыртқа өндірушілер жыл сайын 3 млрд теңгеден астам салық төлейді. Соның салдарынан импорттық өнімді тұтынуға тура келеді.