$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы мамандары Атырауда 30-ға жуық күрделі операция жасады

26.05.2023ж. 20:00
1025
ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы мамандары Атырауда 30-ға жуық күрделі операция жасады

ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы мамандары Атырауда 30-ға жуық күрделі операция жасады. 4 күн бойы 250 науқасты қабылдады. Бір мыңға тарта медициналық маманға шеберлік сабақтарын өткізді. Делегация құрамында жоғары білікті нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог бар. Сапардың басты мақсаты – аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістерімен бөлісу. Ал бүгін орталық жетекшісі Алексей Цой мен облыс әкімі Серік Шәпкенов екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында жол картасын жасақтап, өңірлерде, соның ішін ауылдық медицианы дамытуға көңіл бөлеміз деп отыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл бір реттік шара емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы денсаулық сақтауды дамытуды тапсырған еді. Болашақта әкімдікпен бірлесіп «Жол картасын» жасақтаймыз, соның аясында менеждментті жақсартып, басшылық құрам, дәрігерлерді, орта буын медицина мамандарын тәжірибесін шыңдап, біліктілігін арттыра түсеміз. Аймақта мықты кадрлар болса, медицина сапасы арта. Бұқараның жоғары деңгейдегі сапалы медициналық қызметті жергілікті жерде алуына мүмкіндік туады. Біз әрдайым көмектесуге дайынбыз.