Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жыл сайын елімізде 2500-ға жуық адам жол апатынан қаза табады

AstanaTV
26.05.2023ж. 19:26
438
Жыл сайын елімізде 2500-ға жуық адам жол апатынан қаза табады

Astana Hub-та ҚР Ішкі істер министрлігі мен Sergek Group компаниясы ұйымдастырған «Жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру және жаңа технологиялар» форумы өтті.

Оған Ішкі істер министрінің орынбасарлары Игорь Лепеха мен Сәкен Сәрсенов, ЦДИАӨМ өкілдері, ІІМ Әкімшілік полиция және ақпараттандыру қызметтерінің басшылығы, сондай-ақ көлік саласының ұйымдары мен кәсіпорындары, IT-компаниялар және техникалық IT-жобалардың авторлары қатысты.

Форумның ашылуында ішкі істер министрінің қызмет жөніндегі орынбасары Игорь Лепеха атап өткендей, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тиімді ұйымдастыру – қазақстандықтардың әл-ауқатының, олардың өмірінің жайлылығы мен қауіпсіздігінің міндетті шарты.

«Жол қауіпсіздігі мәселелері өте өзекті және жұртшылықтың назарында. Бұл жағдай ел басшылығын алаңдатады. Жыл сайын жолдарда 2,5 мыңға жуық азаматымыз қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алады. Алайда, қазір полицияның жұмысы оның салдарын жоюға ғана бағытталған. Қолданыстағы тәсілдер мен шешімдер енді жеткіліксіз. Көлік жүргізу мәдениетін арттыруда және жолдардағы бұзушылықтарды анықтауда цифрлық технологияларды қолдану өте маңызды», - деді И. Лепеха.