Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақын хиджаб кигендердің көбін "жасырын жезөкшелер" деп атады

AstanaTV
27.05.2023ж. 12:51
1519
Ақын хиджаб кигендердің көбін "жасырын жезөкшелер" деп атады

Ақын Ханбибі Есенқарақызы эстрада әншілерінің, ақындардың хиджаб киетіндерге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл мәселені кеудесінде жаны бар қазақтың бәрі айтып жатыр. Хиджаб біздің киіміміз емес, бұл – арабтың киімі. Олар не үшін оранып алатыны туралы себебін де айтып жүрміз. Қазақ ешқашан қызының бетін бүркемеген, қара жамылғыға орамаған. Жасөспірім кезінде басына тақия, күн салқын кезде бөрік киген. Ал ұзатылғанда сәукеле, одан кейін жаулық салған. Онда да беті ашық болған.
Соңғы кезде қыздарымыз көзін ғана көрсетіп, бүркеп алатын болды. Тіпті, мектепке де солай киініп келетіндер бар. Біздің ауылдағы мектепте оранып жүретін жасөспірім туып қойған. Мұғалім інімнің "Бетін жапқанмен артын ашып қойған екен ғой" дегені бар еді. Сол айтпақшы, хиджаб кигендердің арасында темекі тартатын, ішімдік ішіп, оңды-солды жүретіндер көп. Сондықтан мәселе – хиджабта емес. Бәрі отбасында алған тәрбиесінде.
Кейбір қазақ отбасы мектепте оқитын құйттай қызына дейін басына орамал таққызып, 9 жастан бастап намазға жығады. Бұл жағдай әке-шешесінің надандығынан болып отыр. Олар – түбірінің кім екенін білмейтіндер. Бұл дұрыс емес. Біз – ислам мемлекеті емеспіз.
Кейде әлеуметтік желіге кірсем, әжептәуір оқыған адамдар "Біз ислам мемлекетіміз" деп жазғанына қарның ашады. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Ал біздің қоғамды алатайдай бүлдіріп жатқан – әсіредіншілдер. Өзім Шымкентте тұрамын ғой. Сол үшін орталықтағы талай адаммен араласпай кеттім", - деді ол.

Ханбибі Есенқарақызы сонымен бірге ақын қыздардың, эстрада әншілерінің де "орануына" қатысты ойын айтқан. 

"Олардың әлгі талақ дегені бар. Орамал таққан қыздардың біразының алды бес-алты рет байға тиген. Туған баласының қай күйеуден екенін білмей далбасалап жүргені де жоқ емес. Бұлар – жасырын жезөкшелер.
Дін ойыншық емес. Соның ішінде қоғамды жікке бөлген уахабизм – үлкен ордалы армия. Олар да тез сынатын, жеңілтектеу, арғы жағын ойлай алмайтын адамдарды айналдырады. Сондықтан көбіне жас қыздар қармағына түсіп қалып жатыр.
Ақын Айнұр Тұрсынбаеваны айтыс арқылы бар қазақ біледі. Оның жомарттығы, жақындап кеткен адамға бір үйді сыйлай салатыны бар. Алайда, тап-таза жүрген адамның жаңағыдай байлықты шаша салатын мүмкіндігі болмайды. Материалдық және рухани жағынан да мүмкін емес. Бәлкім, оларды ақшамен қамтамасыз ететін, ақшамен ұрып алатындар бар. Бірақ маған соның біреуі жақындап айтқан емес. Маған қармағын салатын адамның өзі тұзаққа түсіп қалады ғой. Олар да кімге қармаққа салатынын білетін шығар", - деді ақын.