Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әйел жүкті екенін білгеннен кейін 15 минуттан соң босанған

AstanaTV
28.05.2023ж. 20:19
1264
Әйел жүкті екенін білгеннен кейін 15 минуттан соң босанған

АҚШ-тың Индиана штатының тұрғыны жүкті екенін білгеннен кейін бар болғаны 15 минуттан соң босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кайла Николь Симпсон жүктілік туралы білмегенін және оның ешбір белгілерін байқамағанын айтады. Осы кезеңде әйел 13 келіге арықтап, бұрынғыдан да сымбатты болған. Кейінірек ол өзінде жасырын жүктілік болғанын білді.

2021 жылдың қарашасында Симпсонның іші қатты ауырған. Бұл толғақ еді, алайда әйел оны соқыр ішек ауруы деп ойлаған. Ауруханада әйел дәрігерге қаралды. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде анасы экранда кішкентай аяқтарға ұқсас таныс нәрсені байқаған.

“Сосын мен қатты айқайладым, дәрігер менің босанғанымды көрді", - деді блогер.

Әйел шұғыл түрде перзентханаға жеткізіліп, 15 минуттан кейін оның қызы дүниеге келді. Кайла салмағы үш келіге жуық сау нәресте босанды.

"Осы 15 минут ішінде менің өмірім түбегейлі өзгерді, жақсы жаққа деп айта аламын", - деді Симпсон.