$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Павлодарлық «Жас Отан» жастар қанаты еңбек ардагерлерімен кездесті

AstanaTV
04.10.2016ж. 20:00
2735
Павлодарлық «Жас Отан» жастар қанаты еңбек ардагерлерімен кездесті

Павлодарлық «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері еңбек ардагерлерімен кездесті. Алдыңғы буын өкілдері  студенттерге қызықты әңгімелер айтып берді. «Мәңгілік ел» патриоттық акциясына қатысты да әңгіме өрбіді. Қазақстандық патриотизм ұғымын қалыптастыру, жастарды қоғамдық өмірге белсене араластыру, ел экономикасының тұрақты дамуы. Қариялар жағы жастардың қазіргі көзқарасын сараптай келе, болашақта олардан білікті маман шығатынын болжады.

Қабидолла Шәкәрімов, «Замандас» ардагерлер клубының басшысы:

Қойған сұрақтарын талқыласақ, айтқан сөздерін тыңдасақ, олар біздің болашақ тәрбиешілер екен. Біздің балалардың ертеңгі жағдайын ойлайтын адамдар екен. Әңгімелескеніме мен өзім риза болдым.

Ұйымдастырушылар «Жас Отан» жастар қанаты мен мұндай отырыстарды өткізу дәстүрге айналғанын айтады. Жастар жағы : "Үлкендердің өмірлік тәжірибесі - біздер үшін маңызды сабақ. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады", - дейді.

Ернар Балтабай, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі:

Біздің ардагерлер өздерінің білген, өмірде алған тәжрибелерімен бөлісті. Біз өзімізге көптеген күш-қуат алдық. Ертеңгі күнге деген сеніммен болашаққа үмітпен қараймыз.