$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ресейде екі Қазақстан азаматы сотталды

AstanaTV
28.05.2023ж. 23:49
1030
Ресейде екі Қазақстан азаматы сотталды

Қазақстанның екі азаматы Ресейдің Алтай өлкесінде кеден қызметкеріне пара ұсынғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдің Алтай өлкесінің аудандық сотында Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды. Олар "лауазымды адамға алдын-ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде заңсыз әрекеттер жасауына байланысты пара бергені үшін" кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша сотталушыларға бір миллион рубль, яғни 5 миллион 630 мың теңге айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы осы соманы төлеуі керек.

Іс материалдарына сәйкес, қазақстандықтар ресейлік кеденшіге Моңғолиядан Қазақстанға автокөліктерді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тиісті құжаттарсыз өткізгені үшін төрт мың доллар (1,7 млн теңге) көлемінде пара ұсынған.