Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркиядағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

AstanaTV
28.05.2023ж. 22:09
851
Түркиядағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Түркияның Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезеңінің алдын ала қорытындысын жариялауға тыйымды алып тастады. Бұған дейін жазғанымыздай, ол Астана уақытымен сағат 21.00-де алынады деп күтілді, деп хабарлайд ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Осы уақытта ашылған жәшіктер саны – 56,12%, Режеп Тайип Ердоған – 55,71%, Кемаль Кылычдароглу 44,29% дауыс жинады.

Өзге алдын ала мәліметтер бойынша, бюллетеньдердің 21% саналды:

Anka ақпарат агенттігі:

Кылычдароглу – 50,78%

Ердоған – 49,22%

Анадолы агенттігі:

Кылычдароглу – 39,3%

Ердоған – 60,7%

Еске салайық, бүгін Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.

Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.