Astana телеарнасының Атыраудағы тілшісі көпірден секірмек болды. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргіншілер райынан қайтарып, құтқарып қалды. Өңірде былтырмен салыстырғанда көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғандар артып кеткен. Аймақтағы тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы әлеуметтік эксперимент жасады. Жанұшыра жүгіріп қол ұшын созғандар да бар, көрмегенсіп өтіп кеткендер де көп.
Атырау қаласында Жайық өзенін кесіп өтетін 7 көпір бар. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының көпшілігі орталық көпірде болады. Әлеуметтік экпериментке осы жерді таңдадық. Қатты жел, зулаған көлік. Көпірден төмен қарағанның өзі өте қорқынышты: асау өзеннің ағысы қатты, суы - лай. Алғашында адамдар аса мән бере қоймады, зулап қасымнан өте шықты. Бұрылып та қарамағандар да бар. Алайда анадайдан шауып келіп, көмекке ұмтылғандар көп болды.
Әлеуметтік эксперимент екенін ескерткеніммен, кейбір жылы жүректі жандар көпке дейін сенбей, құшағына қысып, ақыл айтты. Көпірден өтіп бара жатқан көліктер полицияға хабарлап үлгерген. Зулаған мәшинелерден өтіп кеп, Бекзат Әділгереев есімді полицей жағдайымды білді.
Былтыр алғашқы 5 айда 11 адам көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған. Ал биыл мерзімді уақытта 16 адам өмірін қиюға бел буыпты. Тіпті өткен түнде де 40 жастағы келіншекті құтқарып қалған. Көбі- мектеп оқушылары мен студенттер, 3-еуі орта жастағы келіншек. Өкінішке қарай, жасөспірімді құтқару мүмкін болмады
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Мектеп жасындағы балаларда ата-анасымен, бірге жүрген достарымен сөзге келіспеушілік, яғни өздері үшін тығырықтан шығу бір себебі көпрілен секіру деп қабылдайды. Ал үлкен жас шамасындағыларда тұрмыстық кикілжің, сүйіктімсімен ажырасу сияқты . Өткен жылы мысалы, 27жастағы ер азамат болды, әйелі баласын көрсетпеген үшін секірмек болған.
Жан – тәтті. Секірмек түгілі, аяқ көтеруге жүрек дауаламайды. Психологтар мұндай әрекетке баруға бір күндік жағдай себеп болмайды,- дейді. Құтқарып қалғанмен, күйзелістен шығару да оңай емес. Көп жағдайда суциолог маманның көмегі қажет болады.
Айгүл ҚАМЫШЕВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ:
Ондай жағдайға бару үшін бала ұзақ уақыт дайындалады. Ұзақ уақыт балада күйзелістік жағдай болады. Ал одан шығу үшін бала мамандармен кездескенде немесе бір апта сөйлескен уақытта ол жағдайдан шыға алмайды. Бірнеше кездесуден кейін, баланың эмоциясына, мінез құлқына байланысты.
Әлеуметтік эксперимент барысында адамдардың жан дүниесімен көмекке ұмтылғаны қуантты. Жол жүру ережесін бұзып, жанұшыра жеткендер де бар. Қаржылай да , психологиялық қолдауға дайын болды. Шын мәнінде көмекке мұхтаж жанның жанынан осындай мейірімді жандар табылса екен.