Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мүмкіндігі шектеулі балалар жас спортшылармен бірге футбол ойнады

29.05.2023ж. 20:00
1133
Мүмкіндігі шектеулі балалар жас спортшылармен бірге футбол ойнады

Мүмкіндігі шектеулі балалар жас спортшылармен бірге футбол ойнады. Балалар күніне орай елордада осындай ерекше мерекелік шара өтті. Оған 40 бала қатысты. Тең жартысы ерекше балалар болса, қалғаны - футболмен кәсіби түрде айналысатын жеткіншектер. «Астана» футбол клубының капитаны Абзал Бейсебеков пен жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев балаларға қолдау көрсетті. Шара аясында доп ойнап қана қоймай, аниматорлар балалармен бірге би билеп, футболға қатысты сұрақтар қойды. Мереке соңында футболшылар жасөспірімдерге доптар табыстап, қолтаңба берді. Одан бөлек, дәмді тағам ұсынылып, жеткіншектерге қуанышты көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Абзалбек ЗЕЙНӘБІЛҰЛЫ, «САУАП ТОБЫ» ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Бұл шарада олар, мынау ойнап жатқан балаларға қарап өздерінің бойын түзеп, мүмкін, ойлары өзгеріп, мүмкін, жазылып кетер деген мақсатпен.

Абзал БЕЙСЕБЕКОВ, «АСТАНА» ФК КАПИТАНЫ:

Балалар күніне арналған іс-шара. Ондай әрдайым жасалуы керек. «Астана» футбол клубы біз, әрдайым ерекше балдармен жұмыс жасап қолдаймыз әрдайым.