Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті

AstanaTV
29.05.2023ж. 19:30
571
Физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан оқушылары үздік нәтиже көрсетті

Қазақстандық оқушылар физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.

Екі оқушы құрмет грамотасымен марапатталды. Олар - Павлодардағы дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Даир Нұртаев және алматылық №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Марғұлан Нұрсағатов.

Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр.

Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен халықаралық олимпиадада бақ сынайды.