$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды

30.05.2023ж. 20:00
869
Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды

Ақтөбеде деструктивті діни ағымның 8 жақтаушысы сотталды. Олар адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, тұрғындардан мүліктер мен ақшалай қаражаттарды күш қолдану арқылы иемденген. Күдіктілер өткен жылдың маусым айында жәбірленушінің үйіне келіп, пышақпен қорқытып, оны өздері жалға алған техникалық қызмет көрсету станциясына күштеп әкеліп, 2 млн теңге қаражатын заңсыз иемденген. Сол үшін жәбірленушінің атына тауарлық кредиттер рәсімдепті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің бұрын сотты болғаны анықталды. Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Әсел ӨТЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Сонымен қатар, күдіктілер шілде айында Ақтөбе қаласында қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, ер адамды үйінен алып кетіп, оны техникалық қызмет көрсету станциясына алып келген, әрі қарай одан ақша қаражатын талап етіп, жәбірленушінің қаражаты жоқ екеніне көз жеткізіп, жәбірленушінің әкесіне тиесілі «ВАЗ -21140» автокөлігін заңсыз иемденген.