Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда түзету мекемесінің қызметкері басқа колониядағы әріптесін көлікпен қағып кетті

30.05.2023ж. 20:00
512
Қызылжарда түзету мекемесінің қызметкері басқа колониядағы әріптесін көлікпен қағып кетті

Қызылжарда түзету мекемесінің қызметкері басқа колониядағы әріптесін көлікпен қағып кеткен. Ең қызығы, бұл қылмысын жасырмақшы болған көлік иесі жәбірленушіні темір тұлпарға салып, басқа жерге апарып тастаған. Абырой болғанда әріптесінен жапа шеккен тәртіп сақшысы тірі қалды. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Ал құйтырқы әрекетімен көзге түскен маман жұмыстан қуылған көрінеді. Құзырлы органдар оны үй қамауына алып, қылмыстық іс қозғады. Аймақтық қылмыстық атқару жүйесі департаменті ресми сұхбат беруден бас тартты.