Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы полициясы ірі жол апатының себебін анықтауға кірісті

AstanaTV
05.10.2016ж. 20:00
3760
Алматы полициясы ірі жол апатының себебін анықтауға кірісті

Алматы полициясы ірі жол апатының себебін анықтауға кірісті. Жолындағы жеңіл көліктерді жайпаған жүк көлігінде техникалық ақау болған ба? Мұны тексеруге бірқатар сараптама тағайындалды. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Апат кеше кешкісін орын алған. Қиыршық тас тиеген ауыр жүк көлігі Абай мен Саин көшесінің қиылысында апатқа ұшырады. Көлікті басқарған 24 жастағы азамат тізгінді уысынан шығарып алады. Сол кезде ауыр көлік аударылып, маңындағы 3 көлікті қиратып өткен. Полицейлердің алдын-ала болжамы бойынша, Қытайда шығарылған жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. Абырой болғанда, адамдар аман.

Динара Әлиева, куәгер:

Қатты дауысты естіп, жұмысымызды тастап далаға шықтық. Құм мен тас шашылып жатқан көлікті көріп қорқып кеттік. Айнала көк түтін. Оқиға орнына жақындағанда бір ғана жүк көлігі емес, бірнеше көліктің аударылып жатқанын көрдік. Жеделдетіп оқиға орнына полиция да келді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Ешбір адам зардап шеккен жоқ. Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерлері істі өндіріске алды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде бұл жол апатына әкеліп соқтырған факторлар міндетті түрде анықталатын болады. Сонан кейін жүргізушіге  тағайындалатын кінәнің мөлшері айқындалады.

Айгүл ЕРМАХАН