Түрік валютасы президент сайлауынан кейін тарихи минимумға төмендеді. Бір доллар – 20 лира. Қазір Түркияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар күнкөрістің қиындап кеткенін айтады. Өйткені қарапайым азық-түліктің өзі былтырдан бері екі есе қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лираның бұлай құнсыздануына Режеп Ердоғанның ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен" - дейді халықаралық сарапшылар. Инфляция өсіп, ал базалық мөлшерлерме сол қалпы қалды. "Қаржы дағдарысының алдында тұр" деген Анадолыға демалуға баратын отандастарымыздың саны да күрт азайған. Кеше Режеп Тайып Ердоғанның президент сайлауында жеңіске жеткені сол еді, лираның құнсыздануы рекордтық көрсеткішке жетті. Қазір 20 лираға бір доллар келеді. Шетелдік ақпарат құралдары түрік валютасының әлі де құнсызданатынын әзірден болжап отыр. Олардың есебінше, жыл соңына дейін тіпті 30 пайызға дейін құлдырауы мүмкін", деп хабарлайды КТК.
"Былтыр осы уақытта жұмысымыз қызу болған. Түркияға баратындардың саны әлдеқайда көп болды. Қазір күрт азайды. Тым-тырыс. Былтыр Түркияда бір апта демалуға 1100-1200 доллар керек болатын. Биыл 1500 долларға дейін. Өйткені ол елде бәрі екі есе қымбаттап кеткен",-деді туроператор Александр Ақназаров.
Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, ышқындап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтеру керек. Бірақ Ердоған мұны пайдаланбай отыр.
"Түркия – ішкі нарығын қамтып отырған мемлекеттердің бірі. Қазір инфляция экспорттаушы мемлекеттерге артықшылық болып есептеледі. Өйткені оның тауары сыртқы нарыққа шыққан кезде, сәйкесінше, тауар бағасы төмендейді. Өйткені ішкі нарықтағы лир төмендеді. Сол себепті оларға еш қорқыныш жоқ",-дейді экономист Мақсат Сералы.