Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодар облысында бала кіржуғыш машинаға қыстырылып қалды

AstanaTV
31.05.2023ж. 09:28
817
Павлодар облысында бала кіржуғыш машинаға қыстырылып қалды

Павлодар облысында бала кіржуғыш машинаға кептеліп қалды. Оқиға Тереңкөл ауылында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмылдырылып, арнайы құралдардың көмегімен 2018 жылы туған қыз баланы алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ведомство. 

Бала барабанның ішінен ойыншықты алғысы келіп, аяғы қыстырылып қалған. 

Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.