Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

Кентауда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

AstanaTV
31.05.2023ж. 10:27
674
Кентауда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Кентауда 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 мамыр күні кешкісін болған. Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 18:10 шамасында Кентау қаласы, Д. Қонаев даңғылы бойындағы 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы терезеден кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама түскен.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін байқаусызда құлап кеткен. Ол 2020 жылы туған. Қазір ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған. Барлық ата-анаға балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз!», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.