Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мінсіз мүсінін көрсеткен Ақбота Сейтмағамбет желіде қызу талқыға түсті

AstanaTV
31.05.2023ж. 12:32
1131
Мінсіз мүсінін көрсеткен Ақбота Сейтмағамбет желіде қызу талқыға түсті

Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет желіде жаңа фотосессиясымен бөлісті. Мінсіз мүсінін көрсеткен өнер иесі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса суретті Instagram парақшасында жариялады.

"Өміріміздің басты мақсаты - бақытты болу", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Актрисаның су жаңа фотосессиясына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олардың бірі әншінің мінсіз мүсіні мен сұлулығына таңғалды. Ал екінші біреулері Ақбота Сейтмағамбеттің ашық киінгенін сынға алған.

"Өте керемет", "Сұлусыз", "Сұлулығына көз тоймайды", "Қазақстандық актрисалардың ішіндегі табиғи сұлуы және көріктісі - Ақбота", "Қажылыққа барған едіңіз", "Дәл осы суретті жарияламау керек еді", "Бір оранатын, бір шешінетін заман болды", "Неткен көріктісің", - деп жазды желідегілер.