Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Л.Месси «Әл-Хилаль» клубына ауысуы мүмкін

AstanaTV
31.05.2023ж. 14:06
641
Л.Месси «Әл-Хилаль» клубына ауысуы мүмкін

Лионель Месси «ПСЖ-мен» келісім-шартын ұзартпайтын болды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Ол маусым аяқтала салысымен клубтан кетеді. Тараптар келісімге келе алмаған. Оған Мессидің мамырда Сауд Арабиясына екі аптаға рұқсатсыз кету себеп болуы мүмкін. Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, аргентиналық футболшы екі шақырту алған. Бірі Сауд Арабиясының «Әл-Хилаль», екіншісі майамилік «Интер» клубы. «Әл-Хилаль», Месси келісе, екі жыл үшін 1,2 миллиард еуро төлеуге дайын екенін жариялады. Яғни жылына 600 миллион еуро. Бұл Криштиану Роналдудың қазіргі «Әл Насрда» алатын жалақсынан екі есе көп.