Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы мақсатына бөлінген алқаптар игерілмей жатыр

AstanaTV
05.10.2016ж. 20:00
1486
Ақтөбеде ауыл шаруашылығы мақсатына бөлінген алқаптар игерілмей жатыр

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы мақсатына бөлінген алқаптар игерілмей жатыр. Енді оларды мемлекетке қайтару қарастырылуда. Бұл туралы арнамызға қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев айтты.

Есесіне, баспана салу үшін жер алуға өтініш бергендер саны 102 мыңнан асқан. Олардың алды кезегін 2003-ші жылдан бері күтіп келеді. Билік өкілдері жыл соңына дейін 4 мыңдай азаматтың өтінішін қанағаттандырмақ. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардан 1 мың гектардай жер баспана салуға қолайлы деп танылған. Алдағы 2 жылда 20 мыңға жуық жер учаскесі заңды иесін таппақ. Бұл мақсатта шахар маңындағы ауылдық округтерден жер бөлу қарастырылды.Инженерлік желілер тарту мәселесі шешіліп жатыр. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 2 жарым млрд теңге бөлінген. Жалпы 2016-17-ші жылдарға инфрақұрылымдық жүйе құрылысына 6 млрд 334 млн теңге қажет көрінеді.

Ұшқын Мыңбаев, Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

2017 жылға 10 мың учаске беру мәселесі жоспарда тұр. 2018 жылға 9 мың учаске береміз деген жоспарымыз бар. Бүгінгі күні 2970 гектарды құрайтын учаске ауыл шаруашылық жерлері бар пайдаланбаған. Соларды қайтарып, 23 200 учаскегі жуық сондай мүмкіндік беретін жер учаскесін жасауға, бас жоспар жасауға жерлерді босатып, архитектура тарапынан сол жұмыстар жүргізіліп жатыр.