$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ", - Президент

AstanaTV
31.05.2023ж. 18:04
579
"Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ", - Президент

Президент бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі сөз болды. Мемлекет басшысы Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамның бірлігін нығайтудағы еңбегі зор екеніне назар аударды.

Мереке ҚҰЛКЕНОВ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кездесуде негізінен Қазақстан жазушыларының жағдайы, болашағы, таланттарды қалай қолдау жөнінде әңгімелер болды. Сонымен бірге бізде Мәдениет заңы қабылданған. Сол заңға өзгеріс енгізсек деген ұсыныс айттым. Қандай өзгеріс? «Қазақ жазушылары: баспа, насихат және таралым» деген.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, жаңа мәртебеге ие болған Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясы отандық ғылымды дамыту ісінде негізгі рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясаты арасындағы өзара байланыстың нығаюына баса мән бере отырып, ғылымды дамытудың жаңа тәсілдерін қолдану керек.

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ:

Ұлттық ғылым академиясының бүгінгі жағдайы, 1,5 айдың ішіндегі өткізілген жұмыстары және болашаққа арналған жоспарлары қарастырылды. Бүгінгі күні біздер ҚР ғылым және технология саясаты бойынша жаңа заңнама туралы негізгі бағыттарын қарап, оған қажетті ұсыныстарды бердік.