Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Видеосы желіде тараған маңғыстаулық түлектердің кортежі полиция назарына ілікті

AstanaTV
31.05.2023ж. 19:03
684
Видеосы желіде тараған маңғыстаулық түлектердің кортежі полиция назарына ілікті

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023 жылдың 30 мамырында әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында Жаңаөзен қаласының Ақсу ықшам ауданындағы тас жолдардың бірінде мектеп түлектерінің жасаған бірнеше құқық бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, "Daimler Chrysler" маркалы автокөліктің жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпай бұзушылыққа жол берді. Жаңаөзен қалалық ПБ-ның патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аталған көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды",-деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ "Mercedes Benz E 320" жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасағаны анықталғаны нақтыланады. Ол ҚР Әкімшілік кодекстің 614-бабында көзделген талаптарды бұза отырып, көлік құралын басқару кезінде басқа жол қозғалысына қатысушыларға әдейі кедергі келтірген. Осы бап бойынша 21 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұдан басқа, осы автокөліктің артқы орындығындағы жолаушылар қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны анықталып, ҚР ӘҚБтК 593-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша хаттама толтырылды. Тағы осы бап бойынша "BMW 5251" маркалы көліктің жүргізушісі де жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Түлектер басын терезеден шығарып, жол ережелерін бұзды", делінген полиция хабарламасында.