$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

01.06.2023ж. 20:00
1292
«AMANAT» партиясы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

«AMANAT» партиясының өкілдері балалар үйлеріндегі балдырғандарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Белсенділер ата-ана қамқорлығына зәру 500-ге жуық бүлдіршінге тәтті балмұздақ пен түрлі ойыншықтар таратты.

Мерекелік шараға елордадағы балалар үйінің 80-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты. Бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру үшін түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Бағдарлама барысында балалар өздерінің ерекше шығармашылық таланты мен қабілетін көрсетуге мүмкіндік алды.

Игорь НЕСЕН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Менің ойымша, біздің елімізде балалар үйі мүлдем болмауы керек. Соңғы жылдары балалар үйінің саны азайып жатқаны қуантады. Партия балалар үйіне де, бүлдіршіндердің құқығын қорғау үшін де әрдайым қол ұшын береді. Бүгінгі мерекеде балдырғандардың көңіл-күйін көтеру үшін осыдай іс-шараға қатысып жатырмыз.

Жәй ғана балмұздақ балаларға риясыз күлкі сыйлады. Өздерінің ең басты мейрамында олар үшін елеп- ескерудің өзі үлкен қуаныш. Балалар үйлерінде бүлдіршіндер мен ересектер отбасына бөлініп тәрбиеленеді. Әр отбасының анасы- тәрбиешісі бар. Балалар өздері тамақ әзірлеп, әлеуметтік бейімдеуден өтеді әрі жанұялық дәстүрлерді үйренеді.

Лилия КОРОВЯНСКАЯ, «ТАҢШОЛПАН» БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Бірінші маусым балаларды қорғау күні. Осы мерекені біздің балалар қатты күтеді. Өйткені осы мереке балаларға қуаныш пен бақыт сыйлайды. Мен бүкіл балаларды құттықтаймын. Барлықтарына мықты денсаулық, аспандары ашық болсын, бейбіт өмір тілеймін.

Олжас ӘДІЛҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

«AMANAT» партиясының депутаттары акцияға бастамашы болып бүгін балмұздақтарды тегін таратуда. Айта кету керек балалардың үйін барлығын қамтыған. Акция «ШинЛайн» компаниясының қолдауымен өтуде.

«Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері тағдыр тауқыметін тартқан әйелдерге арналған Павлодар бейімдеу және оңалту орталығында балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді. «Бақытты Отбасы» бағдарламасының аясында балалардың көңілін көтеру үшін түрлі ойындар ойнатып, тәттілер мен балмұздақ таратты. Қазір мекемеде 18 әйел мен 30 бала бар.

Айгүл МАЛИКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бүгін біз бұл балалардың жалғыз емес екенін, оларға қамқорлық жасайтын адамдар барын түсіндіру үшін келді. Оларды қуантуға, бақытты екенін сезіндіруге келдік. Бүгін біз кездесуге шын қуанатын балаларды көрдік.

Республика бойынша өтіп жатқан акция аясында ерекше назар мен қамқорлыққа мұқтаж бүлдіршіндерге жүйелі түрде көмек көрсету жоспарланған. Қайырымдылық шарасы 20 өңірде өткізіліп, 8 мыңдай бала тәрбиеленіп отырған 100-ге жуық мамандандырылған мекеме қамтылды.