Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Еліміздегі балаларға арналған онкологиялық орталықтарда пациенттерге орын жетіспейді», - депутат

01.06.2023ж. 20:00
496
«Еліміздегі балаларға арналған онкологиялық орталықтарда пациенттерге орын жетіспейді», - депутат

Еліміздегі балаларға арналған онкологиялық орталықтарда пациенттерге орын жетіспейді. Сенатор Ақмарал Әлназарова осылай деп депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, 130 төсекте бір уақытта 150 емделуші және олардың заңды өкілдері жатуы мүмкін. Бұл стационардағы эпидемиологиялық жағдайды нашарлатады дейді. Депутат қосымша ғимарат салумен қатар, медициналық жабдықтарды да жаңартуды сұрады.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Педиатрия орталығының медициналық паркіндегі жабдықтардың 70 пайызы әбден тозған. МРТ, компьютерлік томограф, ультрадыбысты аппараттар, қызмет ету мерзімі 25 жылдан асатын рентген қондырғысы техникалық және моральдық тұрғыдан ескірген. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанындағы 200 төсектік балалар онкогематологиясының жеке корпусын салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаржы бөлуді жеделдетуді сұраймын.