Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Соңғы қоңырау": концерт кезінде би билеп көптің көңілін көтерген әже желіні жарды

AstanaTV
02.06.2023ж. 12:16
852
"Соңғы қоңырау": концерт кезінде би билеп көптің көңілін көтерген әже желіні жарды

Әлеуметтік желіде концерт кезінде би билеген әжейдің видеосы тарап, көпшіліктің қошеметіне бөленді, деп жазады https://kaz.nur.kz/.

Кадрдан әжейдің концерт кезінде би билегенін, мерекелік шараның Астана қаласында өткенін аңғару қиын емес. "Соңғы қоңырау. Сүйікті немерең мектеп бітіргенде", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары әжейдің биі ерекше көңіл күй сыйлағанын жарыса жазып, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

"Әже желіні жарды. Жарасып тұр", "Керемет", "Шын қуанып тұр. Билегені өте керемет", "Әжейдің жасын берсін бәріне", "Өмір жасы ұзақ, дені сау, жақындары аман болсын", "Тамаша", "Шынайы эмоция", "Әже деген немере үшін отқа да, суға да түсуге дайын", - деді олар.