Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Конор Макгрегор "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

AstanaTV
02.06.2023ж. 17:40
852
Конор Макгрегор "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

UFC лигасының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды. РИА Новости ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл туралы аралас жекпе-жек шебері әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған, деп жазған kaz.nur.kz

"Канело, сен кіп-кішкентай шұжықсың. Сені қолдың көмегінсіз-ақ, ұратын едім. Бұны ұмытпа", - деді Конор Макгрегор.

Айта кетейік, UFC лигасының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы 2021 жылдың шілдесінен бастап жекпе-жекке шықпаған. Ол Дастин Порьеге қарсы кездесуде аяғын сындырып, ұзақ уақыт емделді. Конор Макгрегордың келесі қарсыласы АҚШ өкілі Майкл Чендлер болмақ.