$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Оралда жылдар бойы жыр болған жол жөнделді

02.06.2023ж. 20:00
1561
Оралда жылдар бойы жыр болған жол жөнделді

Оралда жылдар бойы жыр болған жол жөнделді. Бұл іске «AMANAT» партиясы мұрындық болды.

Жергілікті кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетті. Негізі бұл жол бұған дейін мүлдем жөнделмеген. Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет шағым да түсірген. Жауаптылар оған қаржы бөлінбегенін айтқан. Партиялықтар мәселені қолға алды. Бастамаға кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Ұзындығы 200 метр, ені 8 метр болатын жаңа жол төсемінің құны 10 миллион теңге құрады.

Нұргүл ӘШІКОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«AMANAT» партиясының ғимаратына қоғамдық қабылдауға бұл көшенің тұрғындар маған келген болатын. Бұны осы көшенің кәсіпкерлері құп алып, барлығымыз бірігіп, әр кәсіпкер өз қалтасынан қаражатын шығарып азғантай болса да бір квартал ғой. Ақмирова көшесінің бойына енді көлемі азғантай болса да, осы жерге асфальт төселді.

Қаланы көркейтуге қосқан үлестері үшін кәсіпкерлерге, және «Саудагер» бастауыш ұйымының мүшелеріне алғыс хаттар табысталып, ризашылықтарын білдірді. Бастысы, жолдың жөнделгеніне тұрғындар қуанышты.

Раиса БАҚТЫГЕРЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Шаң болды, топырақ болды. Терезелімізді аша алған жоқпыз. Үйімізде ауа болған жоқ. Осы 2-3 жылдан бері қайта бастадық. «AMANAT» партиясына бардық. Өзіміздің өтінішімізді білдірдік. Осының нәтижесі бүгін біздің көшемізде бір түнде, кеште бастады, таңға дейін осы көшеміздің бәрін төсеп берді. Өте қатты ризамын.