Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Мемлекеттік қызмет көрсету» жөніндегі комиссия отырысы

AstanaTV
06.10.2016ж. 20:00
2451
«Мемлекеттік қызмет көрсету» жөніндегі комиссия отырысы

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету - басты міндет. Алайда, бұл саланың ақсап тұрған тұсы жетерлік. Мәселен, мемлекеттік халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның тек 9 қаласында жұмыс істейді. Соның өзінде көптеген азаматтар «бір терезе» қағидасы бойынша сапалы қызмет ала алмай келеді.

«Нұр Отан» партиясы әрбір өңірде қызмет көрсету жүйесін қалыптастырып бір ізге түсуін қадағалауды қолға алды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің айқындығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюдың маңызы зор. «Мемлекеттік қызмет көрсету» жөніндегі комиссия отырысында осы мәселе көтерілді. Жиынға төрағалық еткен  Мәжіліс депутаты Майра Айсина қатардағы қызметкерлерден бөлек, басшылық құрамның жұмыс сапасын арттыру қажеттігіне тоқталды.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Кей адамдардың көңілінен шықпай жатыр. Неге шықпай жатыр, бұл жұмысты дамытуға не кедергі деген сұрақ қойып, бүгінгі жиынымызды өткізіп жатқанымыз сол, депутаттар болып, соның орындалуын қадағалап, мониторинг жасап жатырмыз.

Бүгінде халыққа қосымша 53 мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр. Жұмыстың 80 пайызы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік корпорация және электронды портал арқылы атқарылмақ. Тұрғындардың ісін жеңілдету мақсатында мобильді бағдарламалардың 83 қызмет көрсету қосымшасы іске қосылған.

Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:

Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныс артып келе жатқанын зерттеулер дәлелдеп отыр. Биылғы жылы қызмет көрсету көлемі былтырғымен салыстырғанда 4 миллионға артқан. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті - ұлт үшін қызмет ету. Сондықтан қызмет сапасын арттырып, жүйелі жұмыс істеу мемлекеттік қызмет кодексінің талабын орындау болмақ.