Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

41 жастағы Златан Ибрагимович өз мансабындағы соңғы матчын өткізді

AstanaTV
05.06.2023ж. 09:25
748
41 жастағы Златан Ибрагимович өз мансабындағы соңғы матчын өткізді

Шабуылшы Златан Ибргаимович футболдағы мансабының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Италия чемпионатындағы соңғы матчтан соң мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Милан" мен "Верона" арасындағы матчта Златан үлкен футболмен қоштасатын айтты.

"Футболға кездескенше деп айтатын уақыт жетті. Бірақ сіздермен қоштаспаймын, құрметті жанкүйерлер", - деді ол.

Ибрагимовия 41 жастан. Ол 2020 жылдан бері "Милан" сапында сынға түсті. Бірақ соңғы маусымды тізесіндегі жарақатына байланысты толыққанды өткізген жоқ. Ол бар болғаны төрт матч өткізіп, Италия чемпионатында бір гол ғана соқты. Златан 2010-2012 жылдары "Милан" сапында екі дүркін Италия чемпионы атанған. Сондай-ақ Златан Ибрагимовия өз мансабында "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "ПСЖ", "Манчестер Юнайтед" және "Лос Анджелес Гэлекси" командаларының намысын қорғаған.