Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Абай Бегей жиенінің туған күнінде сыйға тартқан VIP нөмірін көрсетті

AstanaTV
05.06.2023ж. 12:29
944
Абай Бегей жиенінің туған күнінде сыйға тартқан VIP нөмірін көрсетті

Отандық әнші Абай Бегей жиен немересінің бір жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өткенін көрсетті. Тойда әншінің үлкен қызы әкесіне көліктің VIP нөмірін сыйға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазды.

"Кешелі бері жаудырып жатқан тілектеріңізге мың алғыс. Әділхан, Ерке, қызымыздың жасы құтты, берекелі болсын. Жаратқан ием өміріне береке берсін. Сыйлыққа рахмет! 001 ABI 02", - деп жазды Абай Бегей.

Ал желі қолданушылары әншіні құттықтап, жылы лебізін жаудырды. "Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Абай аға, сіз өте керемет әкесіз. Сіздей әкелер көп болсын", "Қыздарыңыз тәрбиелі, кішіпейіл", "Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз", - деді желідегілер.