Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Каирде Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды

05.06.2023ж. 20:00
986
Каирде Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды

Каирде «Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс» мешіті ашылды. Мысыр астанасында орналасқан нысан ұзақ жөндеуден кейін қайта қолданысқа берілген. Әйгілі Бейбарыстың тікелей әмірімен алғаш 1269 жылы салынған мешіттің аумағы 10 мың шаршы метр. Биыл даңқты билеушінің туғанына – 800 жыл. Осыған орай 600-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ. Тарихи сәтке куә болу үшін ата-жұрттан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев барды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ пен Мысыр абйланысы тереңнен тамыр тартады. Бейбарыс Сұлтан мешіті Мысыр мен Қазақстан үшін ғана емес, ислам әлемі үшін де бірегей мәдени мұра екені анық. Сондықтан оны қайта қалпына келтіру – әлемдік тарих пен мәдениет үшін маңызды оқиға.

Мәулен Әшімбаев Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайебпен екіжақты кездесу өткізді. Онда тараптар конфессияаралық диалогты дамытудың маңызды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «Бейбарыс араб және түрік сұлтаны» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Алдағы уақытта арнайы энциклопедия басылып шығады.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бүгінгі халықаралық конференциядағы барлық айтылған пікірлерді, жазбаларды жинақтауды да жоспарлаймыз. Оны түрлі тілдерде шығару да ойымызда бар. Сондықтан да, Бейбарыстың 800 жылдығы Бейбарыстану үшін жаңа белес болмақ.